«27 қабатты үйде бір отбасы ғана тұрады»: Нұрболхан Шарапов Үндістандағы ең бай адамның үйіне барғанын айтты

Отандық танымал әзілкеш Нұрболхан Шарапов Үндістандағы саяхатынан қызықты видео жариялады

0 70

Танымал әзілкеш Нұрболхан Шарапов Үндістандағы саяхаты қалай өтіп жатқаны, қайда барғаны туралы контент жариялады. Өнер иесі бұл елдегі ең бай адамның үйіне барып, биік ғимараттың сыртын көрсетті

Нұрболхан Шарапов Instagram желісіндегі парақшасында оқырмандарына Үндістандағы саяхаты қалай өтіп жатқанын баяндап берді

Ол Үндістанның әсем әрі тарихи жерлерін аралап, желі қолданушыларына әсерлі, қызықты видео дайындаған. Шарапов видеосында Агра, Мумбай, Дели сынды қалалардың көрікті жерлері туралы қысқаша айта кетті.

Жайдарманшы осы жолы Үндістанның Мумбай ең бай адамның үйін барып көрген. Оның сөзінше, 2 млрд доллар тұратын 27 қабатты үйде тек бір ғана отбасы тұрады екен.

 

«Үндістандағы ең бай адамның үйiне бардық. 27 қабатты үй екен. Не деген сұмдық. Сол 27 қабатта бiр ғана отбасы тұрады. Жағдайы жоқтарға көмектеспей ма деп қалдық. Сыртында күзетшілер бар. Тіпті суретке түсіруге рұқсат жоқ. Үйдің ішінде өмір үшін қажеттінің бәрі бар. Далаға шығудың қажеті де жоқ», – деп жазды ол парақшасында.

Leave A Reply

Your email address will not be published.