Жаңалықтар

Таразда көпқабатты үйдің жертөлесінен ер адамның мәйіті табылды

Таразда көпқабатты үйдің жертөлесінен ер адамның мәйіті табылды

Кеше Тараз қаласы Төле би даңғылының бойында ер адамның мәйіті табылғаны туралы облыстық полиция департаментіне ақпарат түскен деп хабарлайды Baq-orda. Марқұм 50 жастағы ер адам болып шықты. Мәйіттен дене жарақаттары мен зорлық белгілері анықталмаған. «Қазіргі таңда сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.»-деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.