БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Кәсіпкер келіншектердің мәселелері шешілуде

Кәсіпкер келіншектердің мәселелері шешілуде
caption
Кәсіпкер келіншектердің мәселелері шешілуде
Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы желісі бойынша, ашылған сәттен бастап 1 маусымға дейін 207 әйелге қызмет көрсетілді және 839 қызмет алынды, оның ішінде (анықтама ретінде):
  1. Бизнес жүргізу сұрақтары бойынша кеңес – 207;
  2. Бизнесті дамыту стратегиясын әзірлеу-60;
  3. Оқыту -189;
  4. Тәлімгерлік-69;
  5. Қаржыландыруды тартуға оқыту-175;
  6. Халықаралық жобаларға қатысуға жәрдемдесу-92;
  7. Жабдық өндірушілермен консультациялар ұйымдастыру-47.
Халықтың әлеуметтік осал топтарынан қызмет алушылардың негізгі санаттары: 20% көп балалы отбасылар, 7,2% NEET санатындағы жастар және т. б. болып табылады. Негізінен, орталыққа 39-40 жас аралығындағы (76%), 17-29 жас аралығындағы (25%) әйелдер өтініш білдіреді. Өтініш білдірген әйел кәсіпкерлердің ішінде ауыл шаруашылығы саласында – 16 адам (14%), басқа – 98 адам (86%). Бүгінгі таңда, кәсіпкер әйелдердің негізгі проблемасы мен қажеттілігі – бизнесті ашу немесе кеңейту мақсатында қаржыландыру қажеттілігі болып табылады. Сондай-ақ, облыс әйелдерінің барлық санаттарын кеңінен қамту және қалыптасқан әйел-кәсіпкерлерге, әсіресе ауылдық жерлерде бизнесті дамытуда қолдау көрсету мақсатында «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие орталығымен ынтымақтастық туралы Меморандумғақол қойылды. Сонымен қатар, осы жоба аясында Жамбыл облысының оқыту орталықтары мен оқу орындарының арасында тігін өндірісі бағыттары бойынша және нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді дайындау бойынша тренингтер мен оқыту кәсіби курстарын ұйымдастыру үшін конкурс жарияланды. Облыс бойынша кәсіпкерлікті қолдау орталықтары арқылы (облыстың 10 ауданын қоса алғанда) 2022 жылы 1 421 кәсіпкерлік субъектілеріне 2 855 консультация берілді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 15% – ға артқан(1213 кәсіпкерлік субъектілеріне 2 659 консультация).
BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар