Тоқаевпен өткен отырысқа қатысқан жоқ: Ерлан Қошанов коронавируспен ауырып қалды
Тоқаевпен өткен отырысқа қатысқан жоқ: Ерлан Қошанов коронавируспен ауырып қалды
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов коронавирус жұқтырып алғанына байланысты премьер-министрдің кандидатурасы бекітілген жалпы отырысқа қатыса алмады, деп хабарлайды Baq-orda. Қошановтың ауырып қалғанын мәжілістің баспасөз қызметі растады. Спикер коронавирус жұқтырып алған, қазір емделіп жатыр. Денсаулығына байланысты ол бүгін жаңа премьердің кандидатурасы бекітілген мәжілістің пленарлы отырысына қатыспады. Айта кетейік, мәжіліс отырысына мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Президент премьер-министр лауазымына тағайындауға келісу үшін Олжас Бектеновтің кандидатурасын мәжіліс депутаттарына ұсынды. Дауыс беру қорытындысы бойынша Бектеновтің кандидатурасын 69 депутат қолдап, 7 халық қалаулысы қалыс қалды.