Жаңалықтар

​«Сиыр болсам, баяғыда ет комбинатына өтіп кетер едім»: Алтынай Жорабаева босанғаннан кейінгі өмірі жайлы айтып берді

​«Сиыр болсам, баяғыда ет комбинатына өтіп кетер едім»: Алтынай Жорабаева босанғаннан кейінгі өмірі жайлы айтып берді

Таяуда ғана бесінші қызын дүниеге әкелген әнші Алтынай Жорабаева қырық күндік шілдесінен соң алғаш рет сыртқа шығып, жолдасымен базар аралағанын айтты. «Бүгін қала көріп, дала көріп, базар көріп келе жатырмыз. Амина қызым үйде қалды. Жаным, әйтеуір омырауды да алады, қосымша сүтті де іше береді. Ол жағынан кірпияз емес. Маған ұқсаған сияқты, бірақ әкесі де тамақ таңдамайды. Ол жағы бір керемет» деді әнші. Ол сондай-ақ, оқырмандарының айтуымен базардан тары, талқан алғанын айтты.