Арыстанмен араласпаймын”: Мөлдір Әуелбекова тек екінші күйеуімен жақсы қарым-қатынаста екенін айтты
Арыстанмен араласпаймын”: Мөлдір Әуелбекова тек екінші күйеуімен жақсы қарым-қатынаста екенін айтты
“Арыстанмен (бірінші күйеуі ) араласпаймыз. Анығырақ айтатын болсақ, ол менімен араласпайды. Екі-үш рет ересек адамдарша отырып, сөйлесуге шақырғанмын. Әзірге оған, дайын емес секілді. Уақыт өте келе ересек адам ұстанымына, өтетініне күмәнім жоқ. Кішігірім ақшалай көмектесіп бастады. Ал Қуанышпен (екінші күйеуі – ред.) отырып, ашық сөйлесеміз. Қызымызға жақсы ата-ана болу мақсатында сау қарым-қатынас құрамыз деп шешкенбіз. Қызына жиі келіп тұрады. Қажеттілігін өтеп, көмектесіп тұрады. Құрметтеймін! Өз басым екеуін де ұлым мен қызымның әкесі ретінде сыйлаймын. Тілекші, жанашырмын. Бақытты болсын”, - деп жазды әнші. Еске сала кетейік, осыған дейін Мөлдір Әуелбекова екі күйеуінің де өзін асырамағанын және оларға қаржылай тәуелді болмағанын айтқан еді.