Жаңалықтар

«Жағың түсіп қала ма?..»: Қайрат Нұртасты туған күнімен құттықтаған Жұлдыз Абдукаримова сөзге қалды.

«Жағың түсіп қала ма?..»: Қайрат Нұртасты туған күнімен құттықтаған Жұлдыз Абдукаримова сөзге қалды.

Эстраданың жарық жұлдызы, әнші Қайрат Нұртас 35 жасқа толды.

Әншіні алғашқылардың бірі болып әйелі, актриса Жұлдыз Абдукаримова құттықтады. «Халықтың, сахнаның, ағайынның ҚАЙРАТЫ, туған күніңмен! Өнерің, еңбегің өмір бойы әлдилесін. Абыройың асқақтап, балаларың үшін мақтаныш болуды нәсіп етсін. Тілерім, тура жолда адастырмай, басыңнан бағың таймай, әдемі қарттық болсын! Тыңдарманның қошеметі кемімесін! Өзіңді сыйлап, бағалайтын жақын жандарың қасыңнан табылсын! Сыйлаймын!» деп жазды ол. Жұлдыздың құттықтауынан оқырмандары әртүрлі астар іздеп, өз пікірлерін білдірді. «Менің Қайратым» десең жағың түсіп қала ма?», «Қайрат болмаса бұл қызды танымас та едік, Қайрат пен анасының арқасында танымал болды бұл», «Жүрегі қалай қалады, солай тілек айтты. Біз білмейтін нәрсе көп, ішкі проблемаларын ашып айтпайды ғой. Соған қарамастан сүймесе де сыйлайтынын айтты, бағалауға тұрарлық іс», «Бір салқындық бар, тілектен реніші байқалады», «Бүйткенше тілек жазбай-ақ қойшы, кімнің арқасында жеттің осы дәрежеге?», «Қайрат мамасының қасында отыр, төрт баласына жауапкершілік ала алмай, соған ренжулі ғой”, «Пышақсыз сойған екенсіз,Жұлдыз, жарайсыз!», «Қайраттың әйелі болу оңай емес», «Балалары үшін шыдап жүрген сияқты» деп жазды көпшілік.

 width=