“Өзіне ұнаса ала берсін”: Танымал композитор Бекболат Тілеуханның көп әйел алғанын сынады
“Өзіне ұнаса ала берсін”: Танымал композитор Бекболат Тілеуханның көп әйел алғанын сынады
Qasqa Jol” арнасына қонақ болған өнер иесі дәстүрлі әнші, экс-депутат Бекболат Тілеуханның көп әйел алғанын сынға алды. Онымен кезінде қатар жүріп, дос болғанымен, қазір араласпайтын көрінеді.
“Көп әйел алудың екі-ақ жолы бар. Бірі – еріккендік, екіншісі – әмеңгерлік. Көп әйел алу туралы әңгіме болғанда Бекболат Тілеуханның есімі жиі айтылады. Қазір де соны қозғап отырсың. Ол менің бұрынғы досым болған. Қазір араласпаймыз. Көп әйелге үйленген тойында болмағанмын. Әлеуметтік желі арқылы біліп отырмын. Өзі де жасырмай айтып жүреді”, - деді композитор.
Ол жалғыз Бекболат емес, халық алдында жүрген әртістердің бәрі жеке өмірін жариялап жүретінін атап өткен. Оның пайымынша, бұл дұрыс емес.