Жаңалықтар

Қорқытып ақша сұрағандардан қашу үшін жәбірленуші 5-қабаттан секіріп кеткен – ІІМ

Қорқытып ақша сұрағандардан қашу үшін жәбірленуші 5-қабаттан секіріп кеткен – ІІМ

Ішкі істер министрлігі тағы бірнеше қылмыстық топтың ұсталғанын жариялады, деп хабарлайды baq-orda Polisia.kz порталына сілтеме жасап. Қызылорда облысының алты тұрғыны екі танысын көлікке отырғызып, жалдамалы күштеп апарған. Сол жерде ұрып-соғып, екі күн бойы ұстады. Қару-жарақпен қорқытты. Ұялы телефондарын және 300 мың теңгені тартып алды да, тағы бір миллион теңге талап еткен.

Ал Оралда полиция қызметкерлері колледж студенттерінен құралған қылмыстық топты ұстады. Олар бопсалау, тонау және алаяқтықпен айналысты. Аталған факті бойынша сегіз қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Полиция қылмыстық топтардан зардап шеккен адамдарды дереу хабар беруге шақырып отыр. Ақпараттың құпиялылығына және адамның қауіпсіздігіне кепілдік беріледі.