Түркістанда көпірдің құлауына байланысты ҚТЖ-ға айыппұл салынды
Түркістанда көпірдің құлауына байланысты ҚТЖ-ға айыппұл салынды
Түркістан облысында темір жол өткелінің қоршауы құлады. Осыған байланысты "Қазақстан темір Жолы" ұлттық компаниясына айыппұл салынды, - деп хабарлайды Baq-orda "24KZ" сілтеме жасап. Құлаған темір жол өткелі Шымкент пен Сайрам ауданы бөледі. Өткел астынан ардайым көлік көп өтеді. Пойыз жақындаған кезде барлығы оның өтіп кетуін күтіп, содан кейін ғана қозғалысын жалғастырады. Кеше көпір көлік өтетін жолға құлады. Бұл нысанға "Қазақстан Темір Жолы" компаниясы жауапты. Компания өкілдерінің мәліметінше, апатқа қоршауға бекітілген металл баннер себеп болған. Бірақ қазіргі уақытта мамандардың айтуынша, пойыз бен көлікке қауіп төніп тұрған жоқ.
Дегенмен жолдың бұл бөлігіне көлік жүргізушілері ұзақ уақыттан бері шағымданып жүрген, өйткені жол өте тар. Ал әкімдік оны үш жыл бұрын кеңейтуді жоспарлаған.
Түркістан облысының полициясы әкімшілік іс қозғалғанын хабарлады. Компания айыппұл төлеуі керек. Анықталған кемшіліктерді бір апта ішінде жою туралы қосымша нұсқама жіберілді. Әйтпесе, іс материалдары сотқа жіберіледі.