"Қара кебінге оранып алыпты": Мөлдір Әуелбекова образын сынағандарға жауап берді
"Қара кебінге оранып алыпты": Мөлдір Әуелбекова образын сынағандарға жауап берді
Әншінің айтуынша, той иелерінің өтініші бойынша, қонақтар қара көйлек киіп барған.
“Орамал таққалы қап-қара киінуім алғаш рет. Дресс код солай болды. Қатты ұнап тұр! Жараса қалды, иә? Иә, білемін, қазақ қара жамылмаған.
Дәл солай, қазақта тек жесір әйел шаш жайған. Демек бір-бірімізден кемшілік іздейтін болсақ, міндетті түрде табатынымыз анық. Сол себепті, жай ғана әдемі образға лүпіл басып, тілек жазайық. Сүйем сіздерді!”, – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары сүйікті әншілерін қолдап жатса, енді бірі қара киім кимеуін өтінген.
Еске салайық, әнші жаңа үйіне көшіп, қоныс тойын тойлаған еді.