Жаңалықтар

ТӘУЛІК БОЙЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН СТАЦИОНАРЛЫҚ БЕКЕТ АШЫЛДЫ

ТӘУЛІК БОЙЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН СТАЦИОНАРЛЫҚ БЕКЕТ АШЫЛДЫ

Бекеттің ашылу салтанатына Қордай ауданы әкімінің орынбасары Бахыт Сахатов, Қордай ауданы ІІО ардагерлер кеңесінің төрағасы Айдос Тобышақов және басқа да ардагерлер қатысты, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі. Жаңа нысанда бейнебақылау ішкі және сыртқы жағынан тәулік бойы жүргізіледі. Бөлмеде компьютер, стационарлық телефон, дабыл түймесі бар. Патрульдік полиция қызметкері мен учаскелік полиция инспекторы бейнетіркегіштер және планшеттермен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, шара барысында патрульдік полиция қызметкерлеріне 2 жаңа қызметтік автокөліктің кілті табысталды.