Жаңалықтар

«Ой, күйеуге шықпаймын. Балам бар, болды дедім»: әнші Ерке ел алдында сырын ақтарды

«Ой, күйеуге шықпаймын. Балам бар, болды дедім»: әнші Ерке ел алдында сырын ақтарды

Танымал әнші Ерке Есмахан тұрмысқа шыққаннан кейін өмірінің қалай өзгергенін айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнерлі жұп Raim мен Ерке Есмахан ән сапарға шығып, облысты аралап жүр.  – Бәрін өзім істеймін, ақша да табамын, көлікті де жөндеп, бәріне өзім жүгіріп жүретінмін. «Ой, күйеуге шықпаймын, маған не керек сол, Муслим бар, болды» деп айтқан едім. Өзімнің рахатым үшін өмір сүремін деп ойлайтынмын. Шынымен де уақыт өте келе тұрмысқа шыққаннан кейін жүрегім тыныштық тапты. Үйде әйел болып, Ерке Есмахан екенімді ұмытып, салмақ қосып, семірдім. Аяғым ауыр болып, дүниеге сәби әкелдім. Сондай кезде жаныңда арқасүйер азаматың болғаны жақсы екен. Әйел адамның табиғаты осы екен, – деп жан сырын ақтарды әнші. Сонымен қатар әнші босанғаннан кейін салмақ қосқанын жасырмады. Оны «күйеуімнің шексіз қамқорлығының арқасы» деп түсіндірді.  – Қыздар, толық мүсінімді қабылдауға рұқсат беріңіздер. Өзіме ұнаймын. Күйеуіме ұнаймын. Менің толысып жүргенім сол кісінің арқасы. Басқа дым керек емес. Рианна екеуміз босанғаннан кейін өмірге ризамыз, – деп жазған еді өнер иесі. Дереккөз: https://smartnews.kz/news/9578-oj-kujeuge-shykpajmyn-balam-bar-boldy-dedim-anshi-erke-el-aldynda-syryn-aktardy