Тараз тұрғындары игілігіне жап-жаңа автобустар берілді
Қала әкімі 31 автобустың кілтін табыстады
Таразда 31 автобус пайдалануға берілді. Шараға Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков арнайы қатысып, автобус кілттерін салтанатты түрде табыстады, деп жазады jambylinfo.kz.
Шаһар басшысы Бақытжан Орынбековтың айтуынша, 31 автобус 1 миллиард теңгеге сатып алынған. Әр автобустың бағасы 35-40 миллион теңге.
«Автобусный парк-2020» ЖШС тарапынан жеткізілген қоғамдық көліктердің жалпы сыйымдылығы 70 адамды құрайды. Бұл автобустардың 12-сі «Саяхат-99» ЖШС-і қызмет көрсететін №34 маршруттағы ескірген автобустарды алмастырса, қалған 19 бірлігі тасымалдаушы мекеме қызмет көрсететін бағыттардағы кесте санын арттыруға және №54-ші маршруттағы автобустарды алмастыруға берілетін болады», - деді әкім.
Сонымен қатар, қала басшысы тұрғындарды қоғамдық көлікпен толық қамтамасыз ету мақсатында 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленгенін және соған сәйкес, биыл қалаға 70 бірлік автобус жеткізу жоспарланып отырғанын айтты.