Жаңалықтар

Жамбылдық ардагерлер Жеңіс күнінде 10 миллион теңгеден аса қаржы алады

Жыл сайын 9-мамыр Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 реттік қаржылай көмек беріледі

Бүгінгі күні облыста Ұлы Отан соғысының он ардагері бар. Жыл сайынғы бір реттік көмек ретінде биыл оларға 1 миллион 500 мың теңгеден қаржы беріледі, деп хабарлайды БақОрда  jambylinfo.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесовтың сөзінше, бүгінгі күні облыста Ұлы Отан соғысына қатысқан 10 ардагер бар. Оның 8-і облыс орталығында тұрып жатыр. Ал, қалған 2 майдангер Байзақ, Меркі аудандарында өмір сүреді. Басқарма басшысы оларға биыл жылдағы іс-шара аясында 1 миллион 500 мың теңгеден бір реттік көмек берілетінін айтты. Жалпы Жамбыл облысында биыл Жеңіс күніне орай 3167 адамға 267 978 мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек қарастырылған.

Айта кетейік, еліміз бойынша Астана, Алматы қалалары, Батыс Қазақстан облыстары соғыс ардагерлеріне көмек беруді көздеп отыр.