Жаңалықтар

Таразда 130 адамды 246 млн теңгеге алдап соққан алаяқтар ұсталды

Залал мөлшері 246 миллион теңгеге жеткен.

Тараз қаласы №2 соты алаяқтық жасап. 130 адамды құрығына түсірген бес азаматқа қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды jambylinfo.kz Тараз сотына сілтеме жасай отырып.

Сот алаяқтардың біреуін сегіз жылға, үшеуін бес жылға және бір әйел адамды екі жылға бас бостандығынан айырды.