Жаңалықтар

Электромобиль қуаттайтын станциялар Таразда да болады

Бұл бойынша инвесторлар жаңа жобаны іске асыруға ниетті

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасын сәйкес, өткен жылы Тараз қаласында электромобильдерді  қуаттайтын станциялар салу бастамасы қолға алынған. Биыл инвесторлар бұл жобаны іске асырады, деп хабарлайды БақОрда jambylinfo.kz сайтына сілтеме жасап.

Қала әкімі Бақытжан Орынбековтың сөзінше, тоқпен жүретін көліктерді қуаттайтын орындар салу жұмысы алдағы 1 айдың көлемінде басталады. Ол үшін инвесторларға тиісті жер телімі берілген. Облыс әкімі табиғаты туризмге қолайлы аймаққа дәл осындай мақсатта жұмыс атқаратын тағы қосымша инвесторлар тарту керектігін айтып, шаһар басшысына нақты тапсырмалар жүктеді.