Әжетханадағы өлім: Мектеп директоры жұмыстан кетті
Жамбыл облысына қарасты Құмжота ауылындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп директоры Қанатбек Байтен қызметінен шеттетілді, деп хабарлайды БақОрда Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап.
Жамбыл облысында сегізінші сынып оқушысы жоғарғы сынып оқушысының қолынан қаза тапқан болатын. 14 жастағы бала кеуде тұсынан алған соққыдан кейін мектеп дәретханасында жан тапсырған. Ал әлімжеттік көрсетіп, жұдырық жұмсаған 9 сыныптың оқушысы қамауға алынды.
Ата-аналарға қысым жасалып жатыр
Қанды оқиға 30 сәуір күні мектеп ауласындағы әжетханада болған. Мектеп ұжымы болған жағдайды барынша жасыруға тырысқан. Алғашында оқушының ата-анасына «жүрек талмасы ұстап қалды» деп хабарлаған.