Астана әкімі 5 жасар баланы құтқарған Ақанға 1 млн теңге сыйлады
Кеше 7-сынып оқушысы тұрғын үйлердің бірінде 4-ші қабатта ілініп тұрған баланы құтқарып қалған болатын.
«Ақан жылдамдығымен және батылдығымен ықтимал қайғылы жағдайдың алдын алды. Ақанның ата-анасына ержүрек ұл өсіріп, лайықты тәрбие бергені үшін алғысымды білдіремін», - деді ол.
Сондай-ақ жасөспірімге планшет сыйға берілді. Болашақта университетке түсу кезінде де көмек көрсетілетінін атап өтті.