Заманбек Нұрқаділовке арналған тақтайша ашылды
Мемориалдық тақтайша кезінде саясаткер тұрған үйге орнатылған
Бүгін Алматы қаласында мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовке мемориалдық тақта ашылды, деп хабарлайды Baq-orda "ZTB" парақшасына сілтеме жасай отырып.
Дереккөзге сүйенсек, тақтайша бір кездері саясаткер тұрған үйге орнатылған. Ашылу рәсіміне қоғам қайраткерінің бірінші жары Нұрбике Нұрқаділова және ұлы Қайрат Нұрқаділов қатысқан.
Айта кетейік, саясаткер Заманбек Нұрқаділов тірі болғанда биыл 80 жасқа толар еді. Жыл басында оның рухына бағышталып ас берілген болатын. Сол аста Президент кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың хатын оқыған.