"Ел не дейді? Жұрт не ойлайды? Енді мұндай сұрақтар мені мазаламайды"- Жұлдыз Әбдікәрімова
Әнші Қайрат Нұртастың жары, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова той көйлегін сататын салонның жарнамасы үшін Астана көшелерінде халат пен орамал тағып жүріп өтті.
Актриса жарнамалық роликке түскені белгілі болды.
Әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің кезінде тойда киген суретін көрсеткен актриса қайтадан ақ көйлек кию оңайға түспегенін айтады.