БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Тараздық оқушылар жасанды интеллектпен жоба жасап шығарды

Тараздық оқушылар жасанды интеллектпен жоба жасап шығарды
ашық дереккөз
Жаңалыққа жаны құмар тараздық білім алушылар жаңа бір жобаны жүзеге асыруға ынта-шынтасымен кірісіп отыр. Айтуларынша, жасанды интеллект көмегімен қолға алынған жоба агросектордағы қордаланған бірқатар жұмысты жеңілдетуге септігін тигізеді.

Жамбыл облыстық Дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицейдің 10-сынып оқушылары Анель Құмқай мен Асқар Абдрахман жаңа технология мен жасанды интеллектті қолдана отырып, тұрғындардың өмір сүру деңгейін, ауданның экономикасын және инфрақұрылымын дамытатын жоба жасап шығарды.Бұл жоба арқылы егіншілік және малшаруашылығы сынды адамның көп күшін талап ететін жұмыстар автоматтандырылып, шалғай ауылдарда өмір сүруге қолайлы жағдай туындамақ. Жобаны іске асыру барысында «Arduino» платформасының арқасында егіншілікке автоматтандырылған суару жүйесі, ал малшаруашылығында суды ластамау мақсатында жасанды интеллекттің көмегімен іске асатын каналдар орнатылады.

Сонымен қатар қораның қиын тазартып, қоймаға жинау және оны егіншаруашылығына тыңайтқыш ретінде қолдану да қарастырылған.Технологиялар мен жасанды интеллектті пайдалану арқылы ауыл тұрғындарының жұмысын жеңілдетуді ғана емес, оларды сапалы, тұрақты және тегін энергиямен қамтамасыз етуді көздеген жоба еліміздің экономикасын дамытуға үлес қосып, түрлі экологиялық мәселелердің алдын алмақ.– Бұл жобаны жасаудағы басты мақсатымыз – қолжетімді бағада ауылшаруашылығын дамыту болғандықтан біз энергияны табиғи жолмен өндірудің 3 түрін алып қарастырдық. Олар – су энергиясы (гидроэлектрост), күн энергиясы (күн панельдері), жел энергиясы (жел диірмендері). 

Жобамыз келесі схема арқылы жұмыс жасайды. Ауыл маңындағы өзен немесе көл арқылы гидроэлектростанса электр қуатын өндірсе, ауа райына байланысты күн мен жел энергиясы да қарқынды өндіріліп отырады. Осы үш табиғи жолмен өндірілген электр энергиясы басты электростансаға жиналады. Содан кейін жиналған энергия көзі барлық ауылдағы тұрғын үйлерді электр қуатымен, жылумен және жарықпен қамтамасыз етіп отырады.«Arduino» платформасындағы жасанды интеллектте осы процестің барлығы автоматтандырылған түрде бақыланады. Сондай-ақ электростансадағы энергияның мөлшерінде көрсетеді, – дейді жас өнертапқыштар.Келешекте оқушылардың ойындағы жоба іске асса, урбанизация үрдісіндегі өзекті мәселелер шешімін табары анық.

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар