БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Цифрландыру саласындағы атқарылған жұмыстар

Цифрландыру саласындағы атқарылған жұмыстар
ашық дереккөз
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 30 сәуірдегі № 258/НҚ бұйрығымен «ақылды» қалаларды құру әдістемесі бекітілді. «Ақылды» қала жобаларының базалық көрсеткіштерінің тізімі анықталды. 22 базалық жоба және 4 қосымша жоба, барлығы 26 жоба (кестеге сәйкес) 2024 жылғы бағалау осы жобалар бойынша жүргізіледі.

Бүгінгі таңда Жамбыл облысындағы 367 елді мекеннің 50-і (13,62%) – 2G, 69-і (18,80%) – 3G төмен жылдамдықты мобильді интернетімен, ал 248 елді мекен (67,57%) – жоғары жылдамдықты 4G мобильді интернетімен қамтамасыз етілген.

«Қолжетімді интернет» Ұлттық жобасына сәйкес 2023-2024 жылдары «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-і 68 елді мекенде тиісті 4G базалық станциясын орнату жоспарлаған. Бүгінге 18 елді мекенде тиісті жұмыстарды аяқтады.

Ұлттық жоба аясындағы жасалынған Жол картаға сәйкес Жамбыл облысының Жергілікті атқарушы органдар есебінен антенна-діңгек құрылысымен және электр желісімен қамтамасыз еткен жағдайда 4G мобильді байланысымен 23 елді мекенді сапалы байланыспен қамтамасыз ету жоспарланған.

Ұлттық жобаға сәйкес талшықты-оптикалық байланыс желісімен облыстың 170 елді мекені және елді мекендерде орналасқан 455 мемлекеттік мекеме қамтылатын болады:

-           2024 жылы 30 елді мекен, 144 мемлекеттік мекеме;

-           2025 жылы 86 елді мекен, 204 мемлекеттік мекеме;

-           2026 жылы 44 елді мекен, 96 мемлекеттік мекеме;

-           2027 жылы 10 елді мекен, 11 мемлекеттік мекеме.

 

Ұлттық жобаға сәйкес Жамбыл облысында 2024 жылы Шақпақата - Отар автокөлік жолы (449,8 км) 7 антенна-діңгек құрылысын соғу жоспарланған:

Бүгінгі күнге аудан әкімдіктері тарапынан атқарылған жұмыстар:

Қордай ауданы бойынша (3 АДҚ):

Жуалы ауданы бойынша (1 АДҚ):

Меркі ауданы бойынша (1 АДҚ):

Т.Рысқұлов ауданы бойынша (2 АДҚ).

IQala жобасы.

«Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы шеңберінде табиғи монополия субъектілерінің халыққа және бизнеске ұсынатын цифрлық қызметтерді енгізу, «Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық» модулін енгізу арқылы Жамбыл облысының өңірлік геоақпараттық жүйесі алаңында (e-jambyl.kz) 15 қызмет автоматтандырылған.

IQala жобасы.

Бүгінгі күні 54 өтінім қабылданған. Оның ішінде:

- 27 өтінім жұмыс барысында;

- 18 өтінім қабылданған;

- 9 өтінім кері қайтарылған.

 

Т.Рысқұлов атындағы саябақта және «Көне Тараз» кешенінде жалпы бейнебақылау камералармен «Freedom Telecom» жеке компаниясының инвестициялық жобасы аясында қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Саябақта 10 бейнебақылау камерасы және кешенде 10 бейнебақылау камералары ағымдағы жылдың аяғына дейін орнатылып бітетін болады.

Шамамен жоба құны 200 млн.тг. және 2024 жылдың соңына дейін «Freedom Telecom» ЖШС есебінен техникалық қолдау қарастырылған.

 

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар