Жаңалықтар

“АЭС-тің қауіпсіз пайдаланылуына деген сенімділік жоғары”-білім саласы маманы

Жамбыл облысындағы Балалар - жасөспірімдер мектебі директорының орынбасары Тлеген Қадырбеков АЭС-тің халық үшін қауіпсіз боларына сенім білдірді.

«Әлемдегі алғашқы АЭС ядролық бөліну реакторларының ерекшеліктерін зерттеуге, атом саласына жоғары білікті кадрларды, ғалымдар мен техникалық персоналды даярлауға арналған өзіндік шеберхана болды. Сондықтан бүгінгі күні АЭС-тің қауіпсіз пайдаланылуына деген сенімділік жоғары білікті атом мамандарының мол тәжірибесіне негізделіп отыр», — дейді ғалымдар. Демек, АЭС құрылысын жүргізуде ядролық қауіпсіздігі жағынан реакторлық қондырғылардың жетілдірілген конструкциясы, белсенді аймақтың негізгі компоненті болып саналатын ядролық отынның сапасы, сенімділігі, үздіксіз дамуы, персоналдың жоғары біліктілігі әрі бақылау органдарының қатаң қадағалауы аса қажет. Ал дұрыс таңдау жасау еліміздегі нақты жағдай-лар мен басымдықтарға байланысты болмақ.

Қадырбеков Тлеген,

Балалар-жасөспірімдер мектебі директорының орынбасары