Жаңалықтар

Ауа райы болжамы: 15-18 қазан аралығында қолайсыз ауа райы күтілуде

15 қазанда Жамбыл облысында түнде қатты жаңбыр жауады деп күтілуде. Күндіз найзағай ойнап, түнде және таңертең тұман түседі. Сонымен қатар, көктайғақ болуы ықтимал. Желдің күші 15-20 м/с дейін күшеюі мүмкін.

 

17 қазанда жауын-шашын аралас жаңбыр мен қар жауып, тұман және көктайғақ болады деп болжануда. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Сонымен қатар, 17-18 қазан күндері түнде ауа температурасы 1-6 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді деп күтілуде.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес беріледі.