Саясат

Ақтөбедегі қылмыс: Оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Ақтөбеде бейтаныс адам кепілге алған үш адамның екеуі қайтыс болды, үшінші жәбірленуші ауруханада.

13 қаңтар күні сағат 20:00 шамасында Жедел басқару орталығына Ақтөбе қаласындағы жеке тұрғын үйден кепілге алу туралы хабарлама келіп түскен. 

Жедел-тергеу тобы мен арнайы бөлімшелер оқиға орнына дереу жетті. Жедел қызметтер келген бойда күдіктімен бұрын таныс болған әйелдің кепілге алынғаны белгілі болды.

​Белгілі болғандай, арнайы операция нәтижесінде күдікті ұсталып, кепілге алынған әйел босатылды.

​Полиция департаменті қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Кінәлі адам заңның барлық қатаңдығымен жазаланады.