Жемқорлық үшін сотталғандардың тізімі жарияланады
Мәжілісте жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заң жобасы талқыланып жатыр.
Ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін сотталғандардың тізімін ашық жариялау көзделіп отыр.
Антикор өкілі Ұлан Сарқұловтың айтуынша, тізімге тек нақты айыптау үкімі шыққан адамдардың есімін енгізілмек.
Тізілімде көрсетілетін мәліметтер:
тегі, аты, әкесінің аты;
сыбайлас жемқорлық қылмыс жасалған уақыттағы жұмыс орны мен лауазымы;
сыбайлас жемқорлық қылмыс құрамы;
айыптау үкімінің деректемелері;
тағайындалған жаза түрі.