Жаңалықтар

Биыл Қазақстанда 175 мың тұрғын үй салынады

2025 жылдың соңына дейін ел көлемінде 175 мың тұрғын үйдің құрылысы аяқталады. Қазіргі уақытта баспанаға мұқтаж ретінде 600 мыңнан астам азамат ресми тіркелген. Бұл мәселені шешу үшін тұрғын үй кезегін жүйелейтін арнайы орталық құрылмақ.

Жаңа институт – «Отбасы банкі» жанынан құрылады

2024 жылдың мамыр айынан бастап тұрғын үй бөлу міндетін «Отбасы банкі» жанынан құрылатын арнайы институт атқарады. Бұл орган баспанаға мұқтаж азаматтардың кезекке тіркелу күнін және табыс деңгейін ескере отырып, үйлерді әділ бөлуді қамтамасыз етеді.

Жұмысшы мамандықтарына арналған ипотека

Президенттің тапсырмасына сәйкес, 2024 жылы жұмысшы мамандықтарын таңдаған азаматтарға арналған жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады. Бұл шара еңбек нарығындағы маңызды мамандықтарды қолдауға бағытталған.

Тұрғын үй саласындағы жаңалықтар туралы ақпараттарды БақОрда ақпарат агенттігінен оқыңыз.