Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында әлеуметтік қолдау күшейтіледі
Үкімет 2025 жылы азаматтарға жан-жақты әлеуметтік қолдау көрсетуді және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуды басым міндет ретінде белгіледі. Бюджеттік жоспарлау кезінде адами капиталды дамыту мен әлеуметтік саланы қолдауға ерекше назар аударылуда, деп хабарлайды БақОрда Primeminister.kz. сайтына сілтеме жасап.
2025 жылғы бюджет құрылымы:
2025 жылы республикалық бюджет шығыстары 25,8 трлн теңге көлемінде жоспарланған. Оның ішінде:
Әлеуметтік саланы қаржыландыру: 9,6 трлн теңге (37,2%);
Өңірлерді қолдау: 7,7 трлн теңге (29,8%);
Экономиканың нақты секторын дамыту: 2,2 трлн теңге (8,5%);
Өзге шығыстар: 3,4 трлн теңге (13,3%).
2024 жылғы шығыстармен салыстыру:
2024 жылы республикалық бюджет шығыстары 23,6 трлн теңгені құрады. Оның ішінде:
Әлеуметтік салаға 8,8 трлн теңге бөлінді (37,3%);
Халықты әлеуметтік қамсыздандыру және көмек көрсетуге 5,3 трлн теңге бағытталды;
Денсаулық сақтауға 2,2 трлн теңге, білім мен ғылымға 1 трлн теңге, туризм мен спортқа 200 млрд теңге бөлінді.
Өңірлерді қолдауға 7,1 трлн теңге (субвенциялар, нысаналы трансферттер) қарастырылды.
Шығыстардың өсу себептері
2025 жылы мемлекеттік шығыстардың ұлғаюы кезек күттірмейтін қажеттіліктерді, төтенше жағдайларды жоюға байланысты резервтерді және ұзақмерзімді қаржылық міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету мақсатында жоспарланған.
Үкіметтің бұл шешімдері халықтың әл-ауқатын жақсартуға, өңірлердің дамуын қолдауға және әлеуметтік саланы нығайтуға бағытталған.