БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Бүгін «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті

Бүгін «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті
Фото - ашық дереккөз
Бұл бойынша өткен жылы 350 өтініш түскен

Жиынның күн тәртібіне 2024 жылдың қорытындысы бойынша денсаулық сақтау басқармасымен оған қарасты мекемелерге азаматтардан түскен өтініштердің барысы туралы мәселе қаралды. Басқосу барысында партия облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Үміт Ибраймова баяндама жасады.

Оның сөзінше, партия филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне түскен 3683 өтініштің 350-і немесе 9,5 пайызы денсаулық сақтау саласына қатысты түскен. Бұл өтініштердің 201-і немесе 57 пайызының оң шешілуіне партия тікелей ықпал еткен.

Партияға денсаулық сақтау саласына қатысты тегін дәрі-дәрмек алу, мерзіміне сәйкес ауруханаға жатқызу, мүгедектік тағайындау және т.б. бойынша толассыз өтініштер кеп түсуде. Ол мәселелер де құзырлы органдар арқылы заңнамаға сәйкес ішінара оңынан шешілуде.

Ал, әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерік Мұсабаев арыз-шағымның басым көпшілігі емханаларға қатысты түсетінін жеткізді. Десе де басқарма тарапынан әр аптаның жұма күні басшының жеке қабылдау жүргізіліп, жауапты ұйымның бас дәрігерлерімен қабылдау өткізіліп арыз- шағым жедел әрі қолжетімді шешіліп жатқанын хабарлады.

Комиссия мүшелері бас дәрігерлердің жауапкершілігін күшейтіп, емханаларға зерделеу жұмыстарын жүргізу керектігі туралы ұсыныстарын білдірді.

 

BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар