Қазақстан мен Жапония: Стратегиялық серіктестік және инвестициялық ынтымақтастық
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония Премьер-министрінің арнаулы кеңесшісі, Парламент Өкілдер палатасының депутаты Акихиса Нагашиманы қабылдады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстанның Жапониямен стратегиялық серіктестікті дамытуға ерекше мән беретінін атап өтті. Оның айтуынша, екі ел арасындағы қарым-қатынас достық пен өзара түсіністікке негізделген.
Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық және ғылыми-техникалық байланыстарын кеңейту үшін зор мүмкіндіктер бар екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, Жапония Қазақстан экономикасына 8 миллиард доллардан астам инвестиция құйған. Сонымен қатар, еліміз шетелдік инвесторларға, оның ішінде жапондық озық компанияларға қолайлы жағдай жасауға дайын екенін жеткізді.