Жамбыл облысында ҰҚК прокуратурамен бірлесіп есірткі арнасының жолын кесті
Қаңтар айында Шу ауданында 25 кг гашишті сатуға әрекет жасаған Қазақстан Республикасының азаматы ұсталды.
Жамбыл облысы бойынша ҰҚК департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткі арнасының жолын кесті, - деп хабарлайды baq-orda.kz
Қаңтар айында Шу ауданында 25 кг гашишті сатуға әрекет жасаған Қазақстан Республикасының азаматы ұсталды. Тергеу барысында тәркіленген есірткі заттарды солтүстік өңірлерге жөнелтпек болғаны анықталды.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Қылмыстық-процесстік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.