Жаңалықтар

Ұлытау облысындағы шахта апаты: Табиғи газ жарылысы орын алған

«Қазақмыс» корпорациясының хабарлауынша, алдын ала мәліметке сәйкес корпорация кеніштеріне тән емес табиғи газдың жарылысы болған

Жомарт кеніші Ұлытау облысындағы Жезқазған қаласынан 200 шақырым қашықтықта орналасқан. Аталған кеніш 2006 жылы пайдалануға берілген, - деп хабарлайды baq-orda.kz 

Құтқарушылар апаттан 4 сағат өткен соң, топырақ астында қалған 6 жұмысшының денесін шығарды. Бір сағаттан кейін тағы бір адамның мәйіті табылды. Олардың денелері сот-медициналық сараптама үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Қазіргі уақытта кеніште арнайы штаб жұмыс істеп, оған Қарағанды облысынан және Астана қаласынан келген төтенше жағдайлар қызметкерлері мен дәрігерлер мен психологтар көмек көрсетуде.