Жаңалықтар

«Қазақстандықтарды алдап соққан»: Шетелде қылмыстық топ ұсталды

Арнайы операция кезінде Армения, Грузия, Иран, Сирия және Ливан азаматтарынан құралған қылмыстық топтың 41 мүшесі ұсталған

Қазақстан ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері Арменияның Тергеу комитетінің аса маңызды істерді тергеу жөніндегі бас басқармасымен бірлесіп, жедел іс-шараларды өткізу кезінде Ереванда алаяқтардың екі call-орталығының әрекетіне тосқауыл қойды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Polisia.kz сайтының жазуынша, арнайы операция кезінде Армения, Грузия, Иран, Сирия және Ливан азаматтарынан құралған қылмыстық топтың 41 мүшесі ұсталған.

"Қазақстан мен Еуропа елдерінің азаматтарына қатысты интернет-алаяқтық жасаған трансұлттық қылмыстық топтың ұйымдастырушылары мен мүшелері анықталды. Олар қазақстандықтарға қоңырау шалып, ірі инвестициялық компанияларға ақша салуды ұсынған. Тінту шаралары барысында 70-тен астам компьютерлік техника, шамамен бір келі алтын, 5 автокөлік, 30 мың АҚШ доллары, Ресей рубльдері, грузин лариі және криптовалюта әмияны тәркіленді", - деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.

Қазіргі уақытта армян тарапы Қазақстан ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментімен бірлесіп, тергеу әрекеттерін және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр. Олар жалпы мән-жайды, қосымша эпизодтарды, басқа да күдіктілерді, сондай-ақ Қазақстан азаматтарына келтірілген залал сомасын анықтауға бағытталған.