Оқушылар көктемгі каникул кезінде қанша күн демалады
Биылғы оқу жылының үшінші тоқсаны 10 оқу аптасынан тұрады
Оқу-ағарту министрлігі 2024-2025 оқу жылының басталу мерзімін, ұзақтығын және каникул кезеңдерін бекітті, - деп хабарлайды baq-orda.kz
Министрлік мәліметінше, үшінші тоқсан 10 оқу аптасынан тұрады. Ал көктемгі демалыс 2025 жылдың 21 наурызында басталып, 31 наурызды қоса алғанға дейін жалғасады.
Осылайша, оқушылар 11 күндік демалыс алады.