Жамбыл облысында шекарадан мал өткізбек болған контрабандистер ұсталды
Жамбыл облысында шекараның тау баурайымен Қырғызстанға мал айдап өтпек болған 5 азамат қолға түсті. Олар шаруалардың несиеге алған асылтұқымды 123 сиырын шекара асыруды жоспарлаған. Бұл туралы БақОрда qazaqstan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ақбас және ангус тұқымды ірі қара малды шекарашылар жолда ұстап, оларды тәркіледі. Бұл сиырлар негізінен ет бағыты үшін алынған болатын. Соңғы бірнеше жылда Өзбекстан мен Қырғызстанға ұрланған малды заңсыз өткізу деректері жиі тіркелуде. Осы уақыт ішінде шекарашылар жыл басынан бері 1 300 бас сиырды иелеріне қайтарған.
Шекараны заңсыз кесіп өтпек болған 10 күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.