Бас мүфти Рамазан айында қазақ тілінде діни терминдерді қолдануға шақырды
Қасиетті Рамазан айы қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы жамағатты ауызашарды "ифтар", сәресіні "сухур" деп айтудан бас тартуға шақырды. Оның айтуынша, діни терминдерді қазақ тілінде қолдану ата-баба дәстүрін сақтау болып табылады, деп хабарлайды БақОрда.
Бас мүфти сонымен қатар мұсылман қауымын Рамазан айында сауап жинауға, жақсылық жасауға шақырып, әрбір өнегелі іс сауапты болатынын атап өтті. Мысалы, саудагерлер азық-түлік бағасын төмендетіп, арақ-шарап сатудан бас тартса, жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетсе, бұл қоғамда қайырымдылық пен ізгілікті арттырады, – деді ол.