Жаңалықтар

Түрік әншісі Сердар Ортадж құмар ойындарды жарнамалағаны үшін сотталды

Танымал түрік әншісі Сердар Ортадж құмар ойындарды жарнамалағаны үшін 10 айға бас бостандығынан айырылып, 400 лира айыппұл төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды БақОрда.

Haber Global ақпаратынша, Ыстамбұл прокуратурасы жүргізіп жатқан құмар ойындарды реттейтін заңнаманы бұзу ісі аясында сот үкімі шығарылды. Әнші бәс қабылдайтын контораларды насихаттағаны үшін айыпталды, бұл Түркияда заңсыз әрекет ретінде қарастырылады. Сот Ортаджға қатысты жазаны кейінге қалдыру туралы шешім қабылдап, ол қазір түрмеге қамалудан құтылды.

Сонымен қатар, Ортадждан бөлек, осы іске байланысты танымал түрік шоумені Мехмет Али Эрбил де айыпталған болатын. Ол алдын ала тергеу кезінде үйқамақта болған.