Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті, - деп хабарлайды baq-orda.kz
Жиында армияны жаңғырту және әскери инфрақұрылымды жетілдіру мәселелері қаралды.
Мемлекет басшысы Қарулы Күштерді одан әрі дамыту бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.