Жаңалықтар

Айгүл Иманбаева тұрмысқа шыққанын хабарлады

Белгілі әнші, актриса Айгүл Иманбаева өз оқырмандарымен қуанышты жаңалығын бөлісті. Өнер иесі өткен жылдың 23 ақпанында Ерлан есімді азаматпен заңды некеге отырғанын жария етті, деп хабарлайды Baq-Orda.kz.

“Кеш жарық, қадірлі менің оқырмандарым! 2024 жылдың 23 ақпан күні – жолдасым Ерлан екеуміздің заңды некеге отырып, шаңырақ көтерген күніміз. Биыл 1 жыл толып отыр. Құттықтап қоюларыңызға болады.",-деп жазды әнші.

Қазіргі уақытта Айгүл Иманбаева Лос-Анджелес қаласында жұбайымен бірге тұрып жатыр. Өнер иесі өз жазбасында әйел бақытының маңыздылығына тоқталып, әрбір жанның тағдыры бір Жаратушының қолында екенін атап өтті.

"Әйел қырық шырақты" деген осы болар. Әрбір әйел бақытты болуға лайық", – деп түйіндеді әнші.