"Әлі 5 бала туамын!" Сабина Алтынбекова аналық бақыт туралы айтты
Белгілі қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова ана болу туралы ойын бөлісті, деп хабарлайды Baq-Orda.kz.
Спортшы 2021 жылы тұрмысқа шығып, сол жылы алғашқы сәбиін дүниеге әкелген. Оның айтуынша, бала – өмірдегі ең үлкен бақыт.
"Бала – ол сөзсіз бақыт! Қуана-қуана әлі де 5 бала туамын. Сонымен қатар, оларға тек ана емес, үлкен әпкелері сияқты болғым келеді," – деді спортшы.
2024 жылдың соңында Сабина Алтынбекова мансабын Индонезияның Yogya Falcons клубында жалғастыратыны белгілі болды. Волейболшы әріптестерінің алғашында оның ана екеніне сенбегенін айтты.
"Командамдағы қыздар ұлымды менің інім деп ойлаған. Мен бұрын-соңды мұндай бақытты сезінген емеспін," – деді ол.