Жаңалықтар

Нұрсұлтан Жақсыген бұрынғы жарына жазған хаты желіні шулатты

Белгілі актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы жары, блогер Фариза Алмаз актердің өзіне жазған хатын көпшілікке көрсетті, деп хабарлайды Baq-Orda.kz.

Фариза Алмаз бұл хатты таңғы сағат 4-те желідегі парақшасында бөліскен. Актер оған өзін өзімен салыстырмауын айтып, балаларының анасының үйі жоғын бетіне басқан.

"Өзіңнің үйің жоқ, күйің жоқ жүрсің. Әке-шешеңмен бірге тұрасың. Мені өзіңмен салыстырма. 100 миллион теңгелік үйім бар," – деп жазған Нұрсұлтан Жақсыген.

Айта кетейік, бұған дейін актер бір сұхбатында бұрынғы әйелінен кешірім сұрап, қайта қосылуға ниетті екенін айтқан болатын.