Жаңалықтар

Ассамблея – бейбітшілік философиясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы – ел тарихындағы бірегей құрылым.

Ол тек ұлтаралық қарым-қатынасты үйлестіруші институт емес, ол – еліміздегі бейбіт өмір мен тұрақтылық философиясының негізі.

2025 жылдың 30 мамырында Жамбыл облысында өткен ҚХА-ның XXVIII сессиясы «Елдің бірлігі – мемлекеттің тірегі» тақырыбында өтті. Бұл жиын – ел болашағына деген сенімділік пен татулыққа негізделген пікір алаңы болды.

Сессияға ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, сондай-ақ өңірдегі этномәдени бірлестіктердің жетекшілері қатысты. Кездесу барысында этносаралық келісімді дамытудың жаңа стратегиялары талқыланды.

Этномәдени бірлестіктердің атсалысуымен өткізілген көрме, фестивальдер, қайырымдылық акциялары – Ассамблеяның нақты, халыққа бағытталған жұмысын көрсетеді. «Қайырымдылық керуені», «FOLK&ART» фестивалі – осының айғағы.

Ассамблеяның өңірлік құрылымдарының әлеуеті де жоғары деңгейде пайдаланылады. Ақсақалдар мен Аналар кеңесі, медиаторлар, журналистер, жастар – бәрі де ортақ мақсат жолында еңбек етуде.

Ассамблея – тек құрылым емес, ол – құндылық. Қоғамдық келісім мен бірлік – осы құрылымның басты миссиясы. Ал оны жүзеге асыру жолында Жамбыл облысының үлесі зор.