Жаңалықтар

"Әжемнің ертегісі" – ұрпақтар сабақтастығының алтын көпірі

Жамбыл облысында Аналар кеңесінің "Әжемнің ертегісі" жобасы балалардың жүрегіне жол тапты.

Есепті кезеңде Тараз қаласы мен 10 аудандағы 101 балабақшада ертегі оқу шаралары өтіп, 2550 бала қамтылды. Бұл жоба – ұлттық мәдениеттің тамырын сақтаудың және ұрпақтар сабақтастығын нығайтудың бірегей тәсілі.

Ертегілер – тек қиялды дамытып қана қоймай, бала санасына адамгершілік, мейірімділік және еңбексүйгіштік сияқты құндылықтарды сіңіреді. Аналар кеңесінің мүшелері әр балабақшада ертегі оқуға ерекше мән беріп, балаларды ұлттық фольклор әлемімен таныстырады. Мұндай шаралар балалардың рухани әлемін байытып, олардың туған жерге, ана тіліне деген сүйіспеншілігін оятады.

Бұл жобаның табысы – Аналар кеңесінің ұйымдастырушылық шеберлігі мен шынайы ниетінде. Олардың еңбегі – ұлттың болашағына салынған инвестиция. Жобаның ауқымы кеңейген сайын, оның қоғамға тигізер пайдасы да арта түспек.