Жаңалықтар

"Бірлік жүгірісі" – татулықтың символы

Жамбыл облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына және 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай "Бірлік жүгірісі" марафоны өтті.

Шараға 700-ден астам қала тұрғыны, соның ішінде "Ассамблея жастары", кәсіпорын қызметкерлері, мектеп оқушылары және спорт әуесқойлары қатысты.

Марафон жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен, дипломдармен және медальдармен марапатталды. Бұл шара тек спорттық іс-шара емес, этносаралық татулықты және қоғамдық бірлікті нығайтудың символына айналды. "Ассамблея жастары" мұндай бастамалар арқылы жастарды салауатты өмір салтына және бірлік рухына тәрбиелеуде.