Жаңалықтар
Президент Көкшетау қаласының 2050 жылға дейінгі бас жоспарымен танысты
- author Admin
- 16 қыркүйек, 2025
- 208
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Бас жоспар аясында жылу электр орталығы, облыстық көпбейінді аурухана, Азаматтық қорғаныс академиясы және көпфункционалды спорт кешені салынып жатқаны жөнінде баяндалды.
Бұдан бөлек, алпысқа жуық өнеркәсіп кәсіпорнына есептелген индустриялық аймақтың негізі қалануда.
Облыс орталығының аумағы 7 мың гектарға ұлғаяды. Бас жоспардағы ерекше нысанның бірі – Қопа көлінің жағасында бой көтеретін заманауи іскерлік орталық. Онда тұрғын үй кешендері, бизнес және сауда орталықтары, әлеуметтік нысандар мен қоғамдық кеңістіктер орналасады.
Межелі уақытқа дейін қала халқының саны 500 мыңға жетеді деп жоспарланып отыр. Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін жаңа құрылыс алаңдары және реновация бағдарламасы аясында 10 миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілмек.
Келесі мақала
ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ҚЫЗМЕТІ
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жамбыл облысында кәсіпкерлікті қолдау жүйелі нәтижелер беріп отыр
- авторAdmin
- 13 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
«Асқақ рухты Әулиеата» республикалық әдеби-мәдени байқауының жеңімпаздары марапатталды
- авторAdmin
- 13 желтоқсан, 2025




