БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Тараз қаласының Құмшағал тұрғын алқабында мәдениет үйі ашылды

Тараз қаласының Құмшағал тұрғын алқабында мәдениет үйі ашылды
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласы Құмшағал тұрғын алқабында бой көтерген 140 орындық мәдениет үйінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

– Мәдениет – халықтың рухани қазынасы, өнер – ұлттың жүрек үні. Екі мың жылдан астам тарихы бар Тараз – ежелгі өркениеттің алтын бесігі, қазақ руханиятының қайнар көзі. Бүгін ашылып отырған еңселі мәдениет ошағы – сол бай дәстүріміздің жалғасы әрі болашаққа сенімді қадамымыздың айғағы.

Құмшағалдықтар үшін мәдениет пен өнердің шырағы жағылып, жас ұрпақ ұлттық мұрамен сусындап, шығармашылық қабілетін дамытатын жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады деп сенемін, – өңір басшысы құттықтау сөзінде. 

Биыл облыста 16 мәдениет нысанының құрылысына қаржы бөлініп, бесеуі пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы алты нысан іске қосылады. 

– Ауылымызда әлеуметтік нысандар бой көтеріп келеді. Биыл, міне, көптен күткен мәдениет үйінің де есігі айқара ашылып отыр. Облыс әкімі мен қала әкімі осы игілікті істі жүзеге асырамыз деп уәде еткен еді. Бүгін сол сөздерінде тұрып, ауылға еңселі мәдениет үйін сыйлап отыр. Бұл – барша жұрт үшін зор қуаныш, – деп ақ батасын берді ауыл ақсақалы Рахманбек Рысдәулетұлы.

Бұдан соң лентаны қию рәсімі өтіп, қонақтар нысан ішін аралап көрді. 

Құмшағал тұрғын алқабында 7 600-ден аса халық тұрады. Мәдениет үйінің құрылысы өткен жылдың қарашасында басталып, биылғы тамыз айында аяқталды. Жобаны 363 млн теңгеге «Әль Мансұр» ЖШС жүзеге асырған.

Жаңа ғимаратта мәжіліс залы, әкімшілік бөлме, декорация қоймасы, кітапхана және 12 орындық оқу залы қарастырылған. Сонымен бірге балалар мен жасөспірімдерге арналған ән-би үйірмелері жұмыс істейді. 

Айта кетейік, Жамбыл облысында бүгінде 500-ден астам мәдениет мекемесі халыққа қызмет көрсетуде. Биыл бұл салаға 16,3 млрд теңге бөлінді. 

Облыс орталығында «Тараз» жастар театры, «Ежелгі бекініс» ғимараты мен «Қолөнершілер үйі» хабында ұлттық құндылықтар дәріптеліп, өнер мен тарихты ұштастыратын іргелі жобалар жүзеге асырылуда. 

 

Admin
Автор

Admin

Admin

Ұқсас жаңалықтар