Жаңалықтар

Тоқаев "Солтүстік - Оңтүстік" көлік дәлізінің шығыс тармағын дамыту бағдарламасын іске қосуды ұсынды

Мемлекет басшысы "Солтүстік - Оңтүстік" дәлізінің шығыс тармағын инвестициямен және инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша бірлескен бағдарламаны іске қосудың маңызын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үкіметінің алдында Ресейдің және Орталық Азия елдерінің үкіметтерімен бірге өңірдің, жалпы еуразиялық кеңістіктің заманауи, қауіпсіз, орнықты көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамыту мақсатында белсенді жұмысты жалғастыру міндеті тұрғанына назар аударды. 2030 жылға дейін 5 мың шақырымнан аса жаңа темір жол төсеп, 11 мың шақырым жолды жөндеу жоспарланған.