Таразда 10 мың ағаш отырғызылды: Экологияны жақсартуға бағытталған жаңа қадам
- author Admin
- 13 қазан, 2025
- 1

Тараздағы алғашқы жұмыстар «Жібек жолы» ауданындағы «Қызылбад» алқабында ұйымдастырылып, бұл жерде 10 000 түп қарағаш көшеті отырғызылды. Бұл Жамбыл облысы бойынша жоспарланған 28 мың ағаштың бір бөлігі ғана.
Аталған шараға 3000-ға жуық адам қатысты. Олардың қатарында жергілікті мемлекеттік қызметкерлер, жастар ұйымдары, еріктілер мен қала тұрғындары бар. Барлығы табиғатты сақтау мен қаланы көгалдандыруға өз үлестерін қосуға ниетті екенін көрсетті.
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков те іс-шараға қатысып, ағаш отырғызу жұмысына тікелей араласты.
Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» акциясы аясында Тараз қаласында екі айлық санитарлық тазалық кезеңі жарияланған болатын. Осы шеңберде «Жансая» шағынауданында сенбілік ұйымдастырылып, оған 250 адам мен 7 арнайы техника тартылды. Нәтижесінде 70 текше метрге жуық қоқыс қалдықтан тазартылды.
Қала басшылығы тазалық жұмыстарын жалғастыруды міндеттеп, тұрғындарды қоршаған ортаны қорғау жолындағы белсенділікке шақырды.
Ұқсас жаңалықтар
Қалалық пабликтер: БАҚ па, әлде жанжал арқылы табыс табатын құрал ма?
- авторAdmin
- 11 қазан, 2025