Жаңалықтар
Тоқаев: бір палаталы Парламентте партиялардың көп болуы саяси диалогты кәсіби негізде өрбітуге ынталандырады
- author Admin
- 14 қазан, 2025
- 211
Президент Парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобының бірінші отырысында бір палаталы Парламентте партиялардың көп болуы саяси диалогты кәсіби негізде өрбітуге ынталандыратындығын айтты.
Мемлекет басшысының айтуынша, заң шығару жұмысын жақсартудың жаңа тетіктерін енгізу аталған үдеріспен қатар жүруі қажет. Мұны халықаралық тәжірибе де көрсетіп отыр.
"Бұл ретте болашақ депутаттар корпусының білімі мен білігі маңызды факторға айналады. Олардың қатарында нағыз кәсіби мамандар болуы керек. Парламент кәсіби болуға тиіс. Бұл – өте маңызды міндет. Парламентті пропорциялық жүйемен, яғни партиялық тізіммен жасақтау туралы ұсыныс дәл осы міндеттен туындап отыр. Бір палаталы Парламентте партиялардың көп болуы саяси диалогты кәсіби негізде өрбітуге ынталандырады".
Келесі мақала
E-Parlament сұранысқа ие құралға айналуы мүмкін
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының сақталуы тұрақты бақылауда
- авторAdmin
- 7 қараша, 2025
Жаңалықтар
Мемлекеттік қызметшілердің бұзылған құқықтары қалпына келтірілді
- авторAdmin
- 7 қараша, 2025




